
2025 жылдың 30 мамырында сағат 15:00.-де Ақтау қаласы, 23 шағын ауданда орналасқан ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы ғимаратының мәжіліс залында, Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Маңғыстау облысының ауылшаруашылық басқармасының, Маңғыстау облысының ветеринариялық инспекциясының, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік бөлімі және Маңғыстау облыстық дін басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен, Құрбан айт мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар кезінде, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында халық арасында топтасқан тағамнан улану, жіті ішек инфекциясының және аса қауіпті аурулардың алдын-алу мақсатында өндірістік кеңес ұйымдастырылып өткізілді.