
Ағымдағы жылы балаларды сауықтыру ұйымдарын (лагерь) маусымға уақтылы дайындау мақсатында Департаменттің аумақтық басқармалары әкімдікпен бірлесіп балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кешенді жоспарларын әзірлеп бекітті.
Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде:
- балалар демалысы объектілерінің санитариялық-техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
- лагерь қызметкерлерімен оқыту және түсіндіру іс-шараларын өткізу, сондай-ақ дайындықтан бастап ауысым аяқталғанға дейінгі барлық кезеңдерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылау;
- балалардың тамақтану, сумен жабдықтау, медициналық қызмет көрсету және тұру жағдайларының сапасын бақылау көзделуде.
Бүгінгі таңда консультациялық көмек көрсету үшін әр лагерьге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, яғни рұқсат құжаттары берілгеннен кейін лагерьлер тізімі алдағы уақытта Департаменттің сайтында танысуға болады.
Сонымен қатар, Департамент жедел желі 8-7292-50-19-19 ұйымдастырды, онда лагерьлердің жұмысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде шағымдануға болады.