Ауыз су сапасына мониторинг

Ауыз су сапасына мониторинг

Қызылорда облысы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 98,9 %, орталықтандырылмаған сумен 1%, тасымалды ауыз сумен 0,1%  қамтамасыз етілген. Жалпы облыс  бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 203 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 186 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 17 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.

2025 жылдың 1-ші тоқсанында орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштеріне 424 су сынамасы алынып  сәйкессіздік  анықталған жоқ.  

Ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне 393 сынама алынып, оның 13-нен сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы – 3,31 пайызды құрады  (талаптарға сай келмейтін су сынамалары  Жалағаш, Шиелі ауданданында және Қызылорда қаласында анықталды). Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне: құрғақ қалдық, хлоридтер, сульфаттар бойынша  нормадан жоғары анықталды.

Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық  тіркелген жоқ.