Биологиялық белсенді қоспалар

Биологиялық белсенді қоспалар

Cанитариялық-эпидемиологиялық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді күнделікті бақылау арқылы мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (МТК) болуы бөлігінде тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) айналымын бақылауды қамтамасыз етеді.

ББҚ мамандандырылған азық-түлік өнімдеріне жатады және дәрілік зат болып табылмайды. Азық-түлік өнімі ретінде ББҚ Еуразиялық экономикалық одақтың «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 021/2011) және «Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты» (ЕАЭО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінде белгіленген қауіпсіздіктің гигиеналық талаптарына сәйкес келуі тиіс.   

Ішкі нарықта тұтынушыға сату үшін ұсынылған барлық ББҚ-лар қауіпсіз болуы тиіс, оның дәлелі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы болып табылады.

Осыған байланысты, барлық ББҚ-ларды әкелу және өткізу Еуразиялық экономикалық одақтың Мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген МТК болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.

 Тұтынушылар денсаулықты жақсарту немесе күнделікті тағамды табиғи немесе табиғи биологиялық белсенді заттармен қанықтыру мақсатында ББҚ-ларды кеңінен қолданады. Осыған байланысты тұтынушыларға ББҚ-ны сатып алғанға дейін тексеруді, яғни Кеден одағының сайтында МТК-нің Бірыңғай тізілімде тіркелуін тексеруді ұсынамыз, өйткені мемлекеттік тіркеуден өтпеген ББҚ-ны өткізу адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті!