Электронды темекінің зияны

Электронды темекінің зияны

Вейптерде никотин, глицерин, пропиленгликоль, хош иістендіргіш құрамдас бөліктер, ацетальдегид., формальдегид және басқа да канцерогенді (қатерлі ісіктердің пайда болуын қоздыратын) заттар бар. Пропиленгликоль тұрмыстық химия өнімдерін өндіруде қолданылады.Ағзаға енгеннен кейін ол бүйрек пен миға әсер етеді, олардың жұмысын бұзады.

Вейптерді тұтыну (булау) кезінде өкпеге түсетін 2 мыңнан астам заттан тұратын аэрозоль түзіледі.Никотиннің көп мөлшері жүйке жүйесіне уытты әсер ету нәтижесінде тәуелділіктің тез дамуына әкеледі. Майлы сұйықтық түріндегі аэрозоль өкпенің альвеолаларына түсіп, жиналып, газ алмасуға кедергі келтіреді.Ұзақ мерзімді тұтыну - өкпе ауруы - эвалиді тудырады, бұл ауру тек трансплантация арқылы емделеді.

Қазіргі уақытта көптеген жасөспірімдер вейптердің денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіне бермейтіндіктен, оларға әуес болып жүр. Сондықтан ата-аналар мен басқа да жауапты ведомстволар жасөспірімдерді денсаулықтарына зиян келтірдеулеріне үндеу керек. "халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексте  вейптерді ашық көрсетуге болмайды.Олар пердемен жасырылуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстанда темекі өнімдері тек 21 жастан асқан адамдарға сатылады.