Жіті ішек ауруы — асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы дерт.
Микробтың адам ағзасына түскеннен бастап аурудың пайда болуына дейінгі уақыт 2 сағаттан бастап 7 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Ауру адамда асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен қатар әлсіздік, дене қызуы, іштің бүріп ауруы, жүрек айну, құсу, іш өту клиникалық белгілері болады. Жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Инфекция көзі – ішек инфекциясының клиникалық айқын немесе жойылған түрі бар науқас, сондай-ақ тасымалдаушы. Науқастар қоздырғыштарды қоршаған ортаға нәжіспен, құсумен шығарады.
Жіті ішек ауруының алдын алу шаралары:
- Жеке бас және үй гигиенасын сақтау;
- Дәретханадан шыққанда, көшеден келгенде және үй жануарларымен байланысқа түскеннен кейін қолды сабынмен жуу;
- Ішуге, соның ішінде балалардың қоректену қоспаларын дайындауда сапалы ауыз суды пайдалану;
- Баланы емізу және қарау кезінде жеке бас гигиенасын сақтау;
- Тез бұзылатын өнімдерді және дайын тамақты сақтау мерзіміне қарай 2-6 °С температурасында сақтау;
- Тамақ өнімдерді белгіленбеген жерден, қолдан сатып алмау;
- Тамақ өнімдерін, соның ішінде ет және ет өнімдерін сатып алу кезінде сапасын куәландыратын құжаттарды талап ету, сонымен қатар, сыртқы түріне, иісіне, мерзіміне және өнімдерді сақтау жағдайына назар аудару.