
Бұдан бөлек, аса қауіпті инфекциялық аурулар - күйдіргі, оба ауруларының өңірдегі эпидемиологиялық жағдайы, клиникасы мен диагностикасы туралы айтылды. Ауруларды ерте анықтау, өлім жағдайларын болдырмау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланып, проблемалық мәселелер көтерілді, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Конференцияға қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, пайдалы ақпарат алды.