Жаздың басталуына санаулы күндер қалды. Күнге қыздырынып, табиғат аясына шығып, серуендеу, балмұздақ алып, су айдындарына шомылу маусымын көпшілік асыға күтеді. Дегенмен оны қауіпсіз өткізудің жолдарын, сақтық шараларын да ұмытпаған жөн.
Орманға, саябаққа шығып, қалалық шуылдан бір сәт демалып, табиғатпен үндесіп, күш пен шабыт жинай аласыз, алайда кенеден келетін кеселді де ұмытпаған дұрыс. Бұл жәндіктер түрлі инфекциялық аурулар – кене энцефалиті мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының тасымалдаушылары болып табылады. Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Түркістан облысы тұрғынынан аса қауіпті саналатын КҚГҚ ауруы анықталды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланады, жан сақтау бөлімінде ем қабылдауда.
Кенелерден сақтану үшін қандай шараларды орындау қажет ?!
Егер өзіңізден кене тауып алған болсаңыз, үрейге бой алдырмаңыз!
Келесі қауіп – ішек инфекциялары.
Жаз мезгілінде күннің жылынуына байланысты тағамнан улану деректері жиілей түседі. Медициналық статистикаға жүгінсек, аурушаңдық көрсеткіші 40 және одан да жоғары көрсеткішке арта түседі. Аурудың алдын алу жолдары қандай?
Егер тағамнан уланып қалған болсаңыз не істеу қажет?
Коронавирус инфекциясынан да сақ болыңыз!
Бүгінгі күні бұл инфекция бойынша елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты, дегенмен босаңсуға негіз жоқ, себебі вирус әлі де айналымда бар және мутациялануы тоқтаған жоқ. Бір апта бұрын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың «Стелс-Омикрон» түрінің барлық өңірде айналымда бар екенін мәлімдеген болатын.
«Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша коронавирустық инфекция штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды. Барлық аймақтарда омикронның BA.1 штамы анықталды – 98,6 %, оның ішінде 12 өңірде "Стелс-Омикрон" BA.2 анықталды - 36,7%.Сондай-ақ, B. 1.617-like Delta штамм айналымы жалғасуда және зерттелген сынамалар санының 1,4% - ын құрады", - делінген хабарламада.
Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирус иняекциясынан қорғаудың жалғыз жолы – уақытылы жасалған вирусқа қарсы вакцинация, ревакцинация.
Демалыс-бұл керемет уақыт, ең бастысы күш-жігерді қалпына келтіру үшін қажет. Сондықтан оны қауіпсіз өткізу керек. Өзіңізді қорғаңыз!