
Қызылорда облысы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 99,4 %, орталықтандырылмаған сумен 0,6%, тасымалды ауыз сумен 0,04% қамтамасыз етілген. Жалпы облыс бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 205 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 192 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 13 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде 2026 жылдың 9 айында орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштеріне 815 су сынамасы алынып, оның 28-і талаптарға сәйкес келмеді, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы 3,4 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін сынама Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандарында анықталды).
Ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне 819 сынама алынып, оның 41-де сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы 5,01 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін сынамалар Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандарында анықталды). Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне: құрғақ қалдық, хлоридтер, сульфаттар бойынша нормадан жоғары анықталды.
Сәйкес келмейтін үлгілердің барлық фактілері бойынша басқару шешімдерін қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға және су пайдалану объектілерінің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ақпарат жоданды.
Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық тіркелген жоқ.