Мемлекеттік қызметкерлер түзеу мекемелеріне барды

Мемлекеттік қызметкерлер түзеу мекемелеріне барды

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шаралар тұрақты жүргізіледі. Бүгін Департаменттің мемлекеттік қызметкерлерін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемесіндегі жағдайларымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

📍Басты мақсат – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру.

📍Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылау-қадағалау қызметін атқаратын қызметкерлерін ұстау орындарындағы режиммен таныстырды. Түзеу мекемелеріне бару тәжірибесі түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.