Заңнамаларға түсіндірмелер берілді

Заңнамаларға түсіндірмелер берілді

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кезекті құқықтық семинар өтті. ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары Ғ. Тілеужан және М. Асанов ҚР Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің талаптары, e-Оtinish ақпараттық жүйесіне өтініштерді тіркеу заңдылығы, Кәсіпкерлік кодексі талаптары мен мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі бойынша түсіндірмелер беріп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды тіркеу бірыңғай автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасау бойынша туындаған сұрақтарға жауаптар берді.