Санитариялық талаптар түсіндірілді

Санитариялық талаптар түсіндірілді

САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен өңірлік “Атамекен” кәсіпкерлер палатасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы бағыты бойынша семинар өтті.

Күн тәртібінде семинарға қатысушы кәсіпкеолерге тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне, адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілерінің санитариялық қорғаныш аймағына қойылатын санитариялық талаптар бойынша нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер, өнімдерді (тауарларды) мемлекеттік бақылау нәтижелері, сауда кәсіпорындарында тұзды снек өнімдерін сатылымнан алып тастау, сондай-ақ нан мен нан-тоқаш өнімдеріндегі тұздың мөлшерін азайту, тұзсыз нан шығаруды тәжірибеге енгізу тақырыптары бойынша ақпараттар ұсынылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.