Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды

Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды

Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды, ол 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында«Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өтеді.

Аптаның мақсаты - вакцинациялау өмірді сақтайтынын еске салу.

Егудің арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті — 32 есе, В гепатиті — 92 есе, қызамық — 2000 еседен астам төмендеді.

Бүгінгі таңда иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды қамтиды.

Алайда, соңғы уақытта қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалады: қызылша бойынша 75% жағдай және көкжөтел бойынша 87% жағдай жоспарлы вакцинациялау алмаған балаларға тиесілі.

2024 жылдан бастап Ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылды. Қазіргі уақытта бір дозамен 11-13 жастағы 133 169 қыз, екі дозамен - 21 194 қыз егілді.