"Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен өткізілген кеңес

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен өткізілген кеңес

 2024 жылғы 25 қыркүйекте Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Қостанай облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған мектепке дейінгі білім беру қызметтерін көрсететін кәсіпкерлік субъектілерінен түскен проблемалық мәселелер бойынша кеңеске қатысты. Кеңестің күн тәртібінде 2 мәселе талқыланды:

  1. Тұрғын үй кешендерінің 1-қабаттарында, сондай-ақ тұрғын үйден нысаналы мақсатын өзгертпестен коммерциялық мақсатқа жалға алынған үй иеліктерінде жеке мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеу проблемасы;
  2. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметін бір кезеңде бір объектілер бойынша тексеру.

Кеңеске сондай-ақ білім, сәулет, жер қатынастары басқармасының өкілдері, онлайн-режимде Денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктерінің, "Атамекен" ҚР ҰКП, "Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы"  МКҚ және ЗТ өкілдері және т. б. қатысты.

          Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары З.А. Елшібаева өз сөзінде ағымдағы жылы жүргізілген тексерулердің нәтижелеріне, объектілерді тексеру кестесін қалыптастыру және рұқсат беру құжатын алуға назар аударды.

          Кеңес қорытындысы бойынша ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Кәсіпкерлік кодекстің тексерудің барлық түрлерін жүргізу туралы талаптарын түсіндіру, анықталған бұзушылықтардың өлшем шарттарын анықтау, тексеру кестелерін және тексеру кезеңін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізетін болады.