Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің бағасы орасан зор болды және миллиондаған қаза тапқандардың қайғысы әлі күнге дейін тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етіп, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз! Аштық пен суыққа төзіп, майдан үшін барын беріп, Отан үшін қан төккен майдангерлер, тылда жұмыс істегендер бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ! Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері дәстүр бойынша жыл сайын тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтайды. Осы көктемнің мерекелік күнінде тыл еңбеккерлері- 21 ақпанда өзінің 97 туған күнін атап өткен Дабижа Екатерина Афанасьевна мен 3 қазанда өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтетін Борзенко Евдокия Павловнаға соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін алғыс сөздері айтылды, сондай-ақ оларға азық-түлік пакеттері табыс етілді.
Березанская З.Э.