Жұмыс кеңесін өткізді

Жұмыс кеңесін өткізді

Халықты сумен жабдықтау жағдайын бақылау санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті 2024 жылғы 30 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Қостанай облысының аумағында барлығы 501 елді мекен, оның ішінде 7 қала және 494 ауылдық елді мекен бар. Облыстағы орталықтандырылған сумен барлық қалалар, қалалық үлгідегі кенттер, аудан орталықтары, сондай-ақ ірі ауылдардың көпшілігі қамтылған.

Ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары судың санитариялық-эпидемиологиялық мониторингін жүргізеді.

Гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін ауыз суды пайдалану халық арасында инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін, осыған байланысты, кеңес барысында сумен жабдықтау объектілерінің таратушы су құбыры желілерінің санитариялық-техникалық жай-күйі, суды дайындау және суды зарарсыздандыру сапасы, сондай-ақ су құбыры желілерін жөндеу және реконструкциялау бойынша жоспарланған жұмыстар мәселелері қаралды.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жай-күйі мәселесі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларының тұрақты бақылауында.