Қостанай облысының санэпидбақылау департаменті Тобыл өзенінің арнасынан қосымша су сынамаларын алды

Қостанай облысының санэпидбақылау департаменті Тобыл өзенінің арнасынан қосымша су сынамаларын алды

Қостанай облысынан Тобыл өзенінің табиғи ағыны Қорған облысы бағытында жүзеге асырылады.

Судың тұрақты мониторингі жүргізілуде, сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ.

СЭБК тұрақты негізде ресейлік әріптестерімен ақпарат алмасады, бүгінде радиоактивті ластану туралы хабарламалар түскен жоқ.

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің аумақтық бөлімшесінің мамандары Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ұзынағаш ауылының маңындағы Тобыл өзенінің арнасынан (елді мекен Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан) радиологиялық көрсеткіштерге суға қайта іріктеу жүргізді. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады.

Мәселе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.