СЭБД қызметкерлері қылмыстық – атқару жүйесі мекемесіне барды

СЭБД қызметкерлері қылмыстық – атқару жүйесі мекемесіне барды

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері Әдеп жөніндегі уәкіл, басшының орынбасары Бауыржан Баймұхаметовтың басшылығымен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің УК-161/1 колониясының мекемесіне барды.

Аталған іс-шара сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерде адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мекеме қызметкерлері тұтқындарды қамауда ұстаудың барлық шындықтары мен шарттарын: камераларды, серуендеуге, ұйықтауға арналған орындарды көрсетті.

Бұл сапар Департамент қызметкерлерінің естерінде ұзақ уақыт қалады деп сенеміз. Өйткені, олар сыбайлас жемқорлық әрекеті жасалған жағдайда оларды қандай салдарлар күтетінің көздерімен көріп, сезінді.