Жаздың басталуымен көптеген ата-аналар балаларды қалай және қайда демалуға және сауықтыруға болады? деген сұрақ төңірегіне тоқталады. Әрине, сіз балаларды қала маңындағы лагерьде сауықтыра аласыз, ал бізде, облыстағы олардың саны 10 немесе мектеп жанындағы лагерь /алаңдар да бар.
Әрбір қала сыртындағы лагерь ашылу алдында рұқсат құжатын, яғни объектінің санитарлық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады. Лагерьді таңдаған кезде, ата-аналар лагерьдің жұмыс істеуіне рұқсаттың бар-жоғын сұрай алады.
Сауықтыру лагерінің басшысы нысанды балаларды қабылдауға дайындауы керек. Жазғы маусымның ашылуына дейін қала маңындағы лагерьде жөндеу-қалпына келтіру және алдын алу шараларын жүргізу қажет. Балаларды кене шағуынан қорғау үшін, лагерь аумағында кенеге қарсы өңдеуді жүзеге асырыңыз, өйткені негізінен олар орман алқаптарында көптеп кездеседі. Жеткілікті көлемде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыз су режимін ұйымдастыру. Ол үшін су желілері мен таза су ыдысын жуу және дезинфекциялау қажет. Өнеркәсіптік өндірістің (бөтелкедегі) ауыз суын пайдалану таңбалау, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тауарға ілеспе құжаттама болған кезде жүргізілуі тиіс. Куллерлерді орнату кезінде оны жуу және өңдеу көзделген нұсқаулыққа сәйкес, бірақ аптасына кемінде бір рет, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кемінде үш айда бір рет қамтамасыз етіліп отырылуы тиіс.
Ас блогының өндірістік үй-жайларында, кір жуатын бөлмеде, моншада, душта, жеке гигиена кабиналарында, медициналық мақсаттағы үй-жайларда ыстық сумен жабдықтауды (су жылытқыштарды) көздеу қажет. Балаларды шомылдыру аптасына 1 рет, төсек-орын ауыстырумен жүргізіледі.
Су қоймалары 3 қала сыртындағы лагерде, ал 2 бассейндер бар. Шомылу маусымы басталар алдында лагерь әкімшілігі су мен топыраққа зертханалық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Судағы қауіпсіздік шаралары көзделеді, су айдынының түбін тазарту жүргізіледі, балалардың шомылу орындарында тереңдігі 07-ден 1,3 м-ге дейін болуы тиіс, шомылуға арналған су бетінің шекарасы жарқын, қалқымалы сигналдармен белгіленеді.
Жағажай аумағы күн сәулесінен қорғайтын шатырлармен, жататын орындар және орындықтармен, киім ауыстыруға арналған кабиналармен, ойын құрылғыларымен, сондай-ақ күн ванналарын қабылдауға арналған солярийлермен, аэрарийлермен жабдықталады.
Жазғы кезеңде ас блогының өндірістік үй-жайларының санитарлық жағдайы, тоңазытқыш жабдықтардың жұмысы, ас үйде тамақ дайындаудың технологиялық процесінің сақталуы ерекше маңызға ие. Тиісті біліктілігі және медициналық тексеруі бар персонал ас блогында жұмыс істеуге жіберіледі. Азық-түлік өнімдерін арнайы автокөлікпен тасымалдауды жүргізу қажет.
Медицина қызметкері күн сайын ас блогының жұмысын бақылауды жүзеге асырады.
Ата-аналарға арналған кеңестер: балаларды жіберген кезде жылы заттарды, күн сәулесінен қорғайтын бас киімді, күннен қорғайтын кремді салуды ұмытпаңыз, тамақ беру қажет етпілмейді, өйткені 5 рет тамақтану қарастырылған. Балаларды қала сыртындағы лагерьге қабылдау денсаулық жағдайы туралы құжат: 071/Е нысаны бойынша "Сауықтыру лагеріне кететін оқушыға медициналық анықтама" және жұқпалы аурулармен байланысының жоқтығы туралы анықтама болған кезде жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған талаптарды орындау жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың пайда болуын болдырмайды және балалардың сауығуы мен демалуына қолайлы жағдай жасайды.
Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні қарсаңында (7 маусым) басшыларға, жұмыс істейтін қызметкерлерге балалар сауықтыру ұйымдары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап ететін маңызды орындар екенін еске саламыз. Азық-түлік қауіпсіздігі балалардың сау өсуі мен дамуына ықпал етеді.
Балалар сауықтыру лагерінің, мектеп жанындағы алаңның басты міндеті- балалардың денсаулығын нығайту және қатайту жөніндегі іс-шаралар болып табылады. Сондықтан ата-аналарға балаларының демалысты қайда және қалай өткізетінін таңдау ғана қалады.
Таженова Р.Ж. - департаменттің бөлім басшысы