Соңғы жылдары "Хиджама"деген атпен белгілі емдік әдіс ретінде мұсылман тәжірибесінде қан шығару кең таралды.
"Хиджама" - бұл тері астындағы капиллярлық тамырлардан қан бөлінетін терінің ұсақ кесіктеріне орнатылған вакуумдық банкалар арқылы орындалатын капиллярлық қан ағызу.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін медициналық қызметке лицензияның болуы қажет екенін атап өту қажет.
Лицензиялауға жататын медициналық қызметтің кіші түрлері 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған. Бұл заңда медициналық қызметтің кіші түрлерінің тізімінде "дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, қол терапиясы, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи жолмен емдеу"кіші түрлері бар. Бұл ретте "Хиджама" көрсетілген тізбеге кірмейді.
"Хиджаманы" жүргізу әр түрлі бұйымдар мен материалдарды (пышақтар, банкалар және т.б.) пайдалана отырып, терінің тұтастығын бұзумен байланысты манипуляцияларға негізделген, олар бір реттік болуы немесе тиісті өңдеуден өтуі тиіс, персонал қолғапты пайдалануы тиіс, бұдан басқа үй-жайларды күтіп-ұстауға, персоналға және басқаларға қойылатын талаптарды сақтау қажет.
Бұл процедура терінің тұтастығының бұзылуымен байланысты екенін ескере отырып, құралдарды өңдеуге және зарарсыздандырылмаған материалды қолдануға қойылатын талаптарды бұза отырып, адамның АИТВ-инфекциясы, парентеральды вирустық гепатиттер сияқты жұқпалы ауруларды жұқтыруы және абсцесс пен жараның іріңдеуі секілді асқынулардың пайда болуы мүмкін.
Осыған байланысты, «Хиджаманы» өткізу кезінде, әсіресе балаларға, адам денсаулығына қандай қауіп төнетінін есте ұстауы керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі» бұйрығына сәйкес дәстүрлі және халықтық медицина (емшілік) объектілері эпидемиялық маңызы шамалы объектілерге жатады және олардың қызметі хабарламалар бойынша жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті хабарлама жіберілмей, хабарлама жасау тәртібін жүзеге асыруына жол берілмейді (17-бап).
Эпидемиялық маңызы шамалы объектінің қызметінің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарлама объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына "Е-лицензиялау" электрондық порталы арқылы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның кеңсесіне жүгінген кезде беріледі.
Бұдан басқа, 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 463-бабына сәйкес кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Құрметті тұрғындар емдеу әдістерін таңдағанда абай болыңыз, сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда!