Биологиялық қатерлерді төмендету

Биологиялық қатерлерді төмендету

Қазіргі уақытта биологиялық қауіпсіздік мәселелері ұлттық және халықаралық деңгейдегі проблемалар мәртебесіне ие болды. Біздің мемлекетіміздің осы саладағы саясаты ел халқының биологиялық қауіпсіздігінің жоғары дәрежесін қолдауға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда алғаш рет «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Негізгі және ілеспе заң жобаларын әзірлеуді Денсаулық сақтау Министрлігі 13 мүдделі мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, ғылыми және практикалық ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлік өкілдерінің белсенді қатысуымен жүзеге асырды.

Заң жобасының негізгі мақсаты биологиялық қатерлерді ерте анықтау, алдын алу және болдырмау болып табылады.

Заң жобасында негізгі биологиялық қауіптер, оның ішінде: аса қауіпті инфекциялардың, туляремияның, геморрагиялық қызбалардың табиғи ошақтары; қауіпті инфекциялардың әкелінуі; патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде талаптардың бұзылуы; төтенше жағдайлар мен терроризм актілері салдарынан жоғары қауіптілік көздеріне әсер ету; биоқауіпсіздік саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі атап көрсетілген".

Биологиялық қатерлерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін мынадай бағыттар шеңберінде құру жоспарлануда:

Бірінші бағыт – бұл стратегиялық жоспарлау, биологиялық қатерлердің алдын алу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, биологиялық қауіпсіздік саласындағы басым ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындау.

Екінші бағыт - мемлекеттік басқарудың үйлестірілген ведомствоаралық жүйесін құру және оның алдын алу функциясын күшейту. Негізгі міндеті, биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды және мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз етуде, биологиялық қатерлердің алдын алу бойынша алдын ала және тиімді шараларды әзірлеу үшін әртүрлі салалардан ақпаратты жинау мен талдауда болатын уәкілетті орган енгізіледі.

13 мүдделі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар өкілеттіктерінің аражігі ажыратылды.

Үшінші бағыт – бейінді қызметтер мен халықтың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету.

Әрбір потенциалды ықтимал қауіп-қатер үшін биоқауіпсіздік саласында ден қою хаттамалары (сценарийлері) әзірленетін болады, олар мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар іс-қимылдарының, олардың ТЖ жағдайында ведомствоаралық өзара іс-қимылының алгоритмдерін көздейтін болады.

Қажет болған жағдайда оларды жұмылдыру мүмкіндігімен (ТЖ, пандемия, басқа елдерге көмек көрсету) неғұрлым қауіпті патогендермен жұмыс істеуге дайындалған білікті мамандардан кадр резервін қалыптастыру көзделеді.

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілетін болады.

Төртінші бағыт - биологиялық агенттермен жұмыс істеуге қойылатын жіктеулер мен талаптарды біріздендіру.

Жіктеуді ескере отырып, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге қойылатын жалпы талаптар жүйеленеді.

Патогендермен жұмыс істеуге рұқсат енді осындай жұмыс жүргізілетін әрбір объектіге берілетін болады.

Бесінші бағыт - патогенді биологиялық агенттердің айналысы туралы деректерді есепке алу мен мониторингтеудің бірыңғай жүйесін құру.

Алтыншы бағыт - биологиялық қатерлерді басқару және биологиялық қатерлерді болжау жүйесін енгізу:

- мемлекеттік органдарда және қауіпті патогендермен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметінде биологиялық қатерлерді басқару жүйесін енгізу;

- биологиялық қатерлерді сыртқы және ішкі бағалауды енгізу;

Жетінші бағыт - микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларының қызметін регламенттеу. Микроорганизмдер коллекциясын жүргізу үшін жалпы талаптар енгізіледі, ұлттық және жұмыс коллекцияларының мақсаты нақты белгіленген. Мұндай коллекциялар микроорганизмдердің қасиеттерін зерттеу, оларды жүйелеу және олардың теріс әсерін азайту жолдарын жасау үшін маңызды.       

Бұл заңның қабылдануы бүкіл әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдан, әсіресе COVID-19 пандемиясынан туындаған шұғыл қажеттіліктен туындады. Бұл жағдай қауіпті биологиялық факторлардың ықтимал салдарын жою үшін жедел әрекет ету шараларын қабылдауға дайын болу маңызды екенін көрсетті.

Тұтастай алғанда, бұл заң жобасы Қазақстанда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа моделін құру үшін құқықтық негіз болады және азаматтар мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталатын болады.