Вакцинация – АПВ-дан сенімді қорғаныс

Вакцинация – АПВ-дан сенімді қорғаныс

Қостанай облысында ағымдағы жылдың 9 айында АПВ-ға қарсы 6 771 адам егілді. Оның ішінде 11 жастағы – 2 955 адам: бірінші кезеңді 1 480 адам, екінші кезеңді 1 475 адам алды. 12–13 жас аралығында 1 585 адам, 14–17 жас аралығында 2 231 адам егілді, оның ішінде 410 адам екінші кезеңді алды.

Жатыр мойны обырының негізгі себебі – адам папиллома вирусы (АПВ). Қазақстан Республикасында жатыр мойны обыры 15–44 жастағы әйелдер арасында онкологиялық аурулардың негізгі себептері бойынша 5-орында тұр.

Қазіргі таңда АПВ-ны емдеудің арнайы әдісі жоқ. Оның алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация. Вакцинация арқылы жатыр мойны обырының алдын алуға және болашақта бұл ауруды жоюға болады.

Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік функциясына әсер етпейді.