
Аусыл – үй және жабайы тұяқты жануарлардың дене қызуы көтеріліп, ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттарының, емізік терісінің, аяқ-қолдарының зақымдануымен сипатталатын жіті вирустық ауру. Ауру жануарларда 15 күнге дейін созылады.
Адамға жұқтырудың негізгі жолы ауру жануарлардан алынған шикі сүт және оның өңделген өнімдері арқылы, ал азырақ ет арқылы жұғады. Инфекцияның тікелей берілуі ауру жануарлармен тікелей байланыста (сауын, күту, емдеу және сою кезінде), ауа тамшылары арқылы (тыныс алу және жөтелу кезінде) және олардың нәжісімен ластанған заттар арқылы болуы мүмкін. Инфекция адамнан адамға берілмейді.
Аусыл вирусының алдын алу үшін үй жануарларының иелері міндетті түрде
1.Ветеринариялық құжаттарсыз рұқсат етілмеген сауда орындарынан жануарларды немесе жануарлардан алынатын өнімдерді сатып алмаңыз;
Жануардың аусылмен ауырғанына күдік болған жағдайда мал иелері:
1) бұл туралы дереу ветеринарға хабарлау;
2) ауру және ауруға күдікті жануарларды оқшаулауға;
3) жануарлардың барлық түрлерiн және союдан алынған өнiмдердi союды және өткiзудi және шаруашылықтың аумағынан жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, жемшөп пен басқа да тауарларды әкетудi тоқтатуға;