Холера ауруы бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

Холера ауруы бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

Бүгінгі таңда әлемдегі холера бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленісті күйінде қалып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап жыл басынан бері әлемде 18 000 холера дерегі тіркелген, оның ішінде 200 жағдай өліммен аяқталған. Аурудың басым бөлігі Африка елдерінде, әсіресе Конго аймағында, сондай-ақ Шығыс Жерорта теңізі мен Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде тіркелуде.

Қазақстан Республикасында аса қауіпті, карантиндік инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен, 2024 жылы республика аумағында холераның 3 сырттан әкелінген жағдайы тіркелгенін атап өткен жөн. Аталған науқастардың барлығы холера бойынша қолайсыз елдерден келген. 2025 жылы Қазақстанда холера деректері тіркелген жоқ.

Теміржол көлігі – жылдам қатынас құралдарының бірі. Халық пен жүк қысқа уақыт ішінде алыс қашықтықтарға тасымалданатындықтан, инкубациялық кезеңдегі науқастардың келу қаупі және олардың айналасындағыларға жұқтыру ықтималдығы артады.

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша жауапкершілік жүктелген орган ретінде жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Осыған байланысты Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп, сондай-ақ барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволардың қатысуымен оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдай жағдайында түрлі қызметтердің дайындығын бағалау, олардың функционалдық міндеттерін пысықтау және аса қауіпті, карантиндік инфекцияның шартты ошағында (жолаушылар пойызының вагонында) өзара іс-қимылды үйлестіру болды. Іс-шараға «ТУРКСИБ АСТАНА» ЖШС, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Қостанай» филиалы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желі дирекциясы» Қостанай бөлімшесі (Қостанай станциясы), Қостанай жол дистанциясы (ПЧ-35), электрмен жабдықтау дистанциясы (ЭЧ-15), сигнализация және байланыс дистанциясы (ШЧ-26), «Транстелеком» АҚ-ның Қостанай қаласындағы филиалы, «Теміржолсу-Қостанай» ЖШС, Қостанай станциясындағы көліктегі полиция бөлімі, «ВЖДО» ЖШС Қостанай филиалы, Қостанай өңірлік көлік прокуратурасы, Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті, «Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы, Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Қостанай облыстық ауруханасы, Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы, сондай-ақ ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облыстық филиалы қатысты.Жаттығу барысында пойызда холерамен ауыратын жолаушы анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмдері пысықталды. Сонымен қатар, жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы кезінде, айналым пункттерінде, станциялар мен вокзалдарда аса қауіпті және карантиндік инфекцияларға күдік туындаған жағдайда жедел жоспарлар мен хабарлау сызбаларының тиімділігі тексерілді.

Қостанай көлік өңірінде жолаушылар және жүк пойыздарының жол жүру барысында, айналым пункттерінде, станциялар мен вокзалдарда аса қауіпті және карантиндік инфекциялар мен өзге де жоғары жұқпалы ауруларға күдік туындаған жағдайда жедел іс-қимыл жоспары мен хабарлау сызбасының тиімділігі мен іске асырылу шынайылығын тексеру.

Қостанай қаласындағы «Алматы – Қостанай» №44 пойызында холера ауруына байланысты оқу-жаттығуға арналған аңыз.

Шартты науқас Қазиев Жұмат Саматұлы, 20.06.1986 жылы туғанмын. Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 3А үй, 25-пәтерде тұрамын, уақытша жұмыссызбын. Қазақстан Республикасының азаматымын.2026 жылғы 20–26 сәуір аралығында Үндістанда (Гоа штатында) демалыста болдым, демалыс кезінде өзімді жақсы сезіндім. Экскурсияға шыққанда (Қазақстанға ұшардан бір күн бұрын) көшедегі қоғамдық тамақтану орындарында коктейльдер мен мұз қосылған су іштім.

2026 жылғы 29 сәуір күні таңғы сағат 08:00 шамасында Железорудный станциясына келген кезде жағдайым күрт нашарлады. Дене қызуым көтерілді (37–38ºC), қалтырау пайда болды, жиі сұйық іш өту байқалды — нәжіс лайлы ақшыл сұйықтық түрінде, ішінде қалқып жүрген үлпектер бар («күріш қайнатпасы» тәрізді), нәжістен балық иісі шығады. Сонымен қатар құсу, әлсіздік, ұйқышылдық, цианоз, балтыр бұлшықеттерінің тырысуы байқалды. Дефекация жиілігі — 6 рет.Осыған дейін №2 вагонның жолсерігінен көмек сұрап, қатты басым ауырғанын айттым. Ауырсынуды басатын дәрі қабылдағаннан кейін жағдайым жақсармады. Железорудный станциясына келгенде өзімді одан әрі нашар сезіндім. Купедегі жолаушылар жолсерікті шақырды.

2026 жылғы 27 сәуірде сағат 17:33-те Алматы қаласынан Қостанай станциясына дейін «Алматы–Қостанай» бағытындағы №44 жолаушылар пойызымен жолға шықтым, Үндістаннан оралып келе жаттым. 2026 жылғы 27 сәуірде Гоа штатындағы Панаджи қаласының Даболим әуежайынан Алматы қаласының әуежайына дейін ұшақпен ұштым, ұшу ұзақтығы шамамен 4,5 сағатты құрады.