Ашық есік күні

Ашық есік күні

Халықтың ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында сіздерді мына тақырыптағы Ашық есік күніне шақырамыз :«Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар: әрбір адам нені білуі тиіс»

2026 жылғы 23 сәуір.
Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113.
«ҚР ДСМ СЭБК Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ.

Спикерлер: басшының орынбасары- Досымова Г.К., бөлім басшысы- Бугайко О.А., бөлімнің жетекші маманы- Қалқаева Ж.С. 

Іс-шара барысында келесі мәселелер қарастырылады:
         • медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар ұғымы және олардың түрлері;
         • инфекциялардың негізгі берілу жолдары;
         • қауіп факторлары;
         • пациенттерді қорғау және алдын алу шаралары;
         • медициналық көмекке жүгіну кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері.

Мамандар барлық қызықтырған сұрақтарыңызға жауап береді.

Мақсаты – медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар туралы, олардың медициналық ұйымдарда таралу жолдары, алдын алу шаралары және инфекцияға күдік туындаған жағдайда атқарылатын әрекеттер жөнінде халықтың хабардарлығын арттыру.