
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты университеттер, колледждер» жобасын іске асыру аясында 2026 жылғы 10 наурызда Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде орта білім беру ұйымдарының, Білім басқармасының, сондай-ақ Департаменттің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының қатысуымен облыстық онлайн-семинар өтті.
Семинар барысында инфекциялық емес аурулардың алдын алу және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты университеттер, колледждер» жобасын енгізу мәселелері қарастырылды. Жобаны іске асыру салауатты білім беру ортасын қалыптастыруға, студенттердің қауіп факторлары туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ жастар арасында денсаулықты сақтау мәдениетін дамытуға бағытталған.Студенттердің денсаулығына әсер ететін негізгі қауіп факторларына ерекше назар аударылды: дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, темекі мен алкогольді тұтыну, сондай-ақ стресс жүктемелері.
Жобаны іске асыру нәтижесінде орта білім беру ұйымдары тек білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар студенттердің денсаулығын нығайту мен тұлғалық дамуына ықпал ететін алаңға айналуына мүмкіндік береді.