
Қостанайоблысыныңсанитариялық-эпидемиологиялықбақылаудепартаментініңмамандарыДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының"Денсаулықтынығайтуғаықпал ететін мектептер" (ДНЫЕМ)жобасыніскеасыру бойынша семинарөткізді.
Семинар жұмысына Қостанай ауданының жалпы білім беретін мектептерінің директорлары мен аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты.
ДНЫЕМ жобасы білім алушыларда салауаттыөмір салтының тұрақтыдағдыларын қалыптастыру, физикалық,психологиялықжәнеәлеуметтік әл-ауқаттыжақсарту,сондай-ақ мектептің,отбасыменқоғамныңқатысуыарқылысалауаттыбілім беру ортасынқалыптастыруүшінжағдайларжасауғабағытталған.
Семинарбарысындаөтініштердіқалыптастыру,есеп беру жәнесайттатіркеу бойынша негізгімәселелерталқыланды.
Семинардың мақсаты мектептерде ДНЫЕМ жобасын іске асырудың бірыңғай тәсілін әзірлеу, сондай-ақ қауіпсіз және денсаулық сақтайтын білім беру ортасын қалыптастыру бойынша енгізілетін шаралардың тиімділігін арттыру болды.