
Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м. а. З.А. Ельшибаеваның төрағалығымен Департамент басшысының орынбасарларының, аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшыларының, облыстық Департамент бөлімдері басшыларының және аумақтық басқармалар мамандарының қатысуымен департаментте облыстық алқа отырысы өтті.
Сондай-ақ, алқа жұмысына Қостанай облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының директоры қатысып, Сараптама орталығы филиалының аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен өзара іс-қимыл мәселелері және 2025 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша баяндама жасады.
Алқа отырысының басында Департамент басшысының м. а. З.А. Ельшибаева Рудный қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы У. Ж. Сасықовты лайықты демалысқа шығуымен құттықтады.
Алқа өткізу барысында Қостанай облысының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы.
Кеңеске қатысушылардың ерекше назары қызмет қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, инфекциялық сырқаттанушылықты азайтуға, объектілердің санитариялық жай-күйін, халық тұтынатын өнім мен судың сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың қажетті көлемін қамтамасыз етуге, объектілерге рұқсат құжаттарын беруге, мемлекеттік тапсырыс жоспарын орындауға бағытталған.
Қостанай облысында ЖРВИ/тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай және қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы сұрақтар тыңдалды.
Алқа барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Департамент аудандық және қалалық басқармалардың эпидемиологиялық бейін мамандары үшін Маман күнін өткізді.
А.М.Искакова – Департаменттіңбөлім басшысы