Қостанай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қостанай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Ағымдағы жылдың басынан бері Қостанай облысында қызылшаның 58 жағдайы тіркелді, аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 7,0-ді құрады. 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 2,9 есеге артты. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі — 86,2% — екпе алмағандар.

Қызылша ауруынан және оның ауыр асқынуларынан қорғанудың жалғыз сенімді жолы — вакцинация. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы егу балаларға 12 айлық жасында, қайта егу 6 жаста жүргізіледі. Науқаспен байланыста болған, бұрын ауырмаған немесе егілмеген адамдарға екпе байланыс орнаған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей жүргізіледі.

Бүгінде өңірде 6 айлық жастан бастап балаларға қызылшаға қарсы қосымша вакцинациялау жүргізілуде.

Білу қажет: қызылшамен вакцина алмаған әрбір адам дерлік ауырады. Сондықтан вакцинация мерзімдерін қатаң сақтау және инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу халық денсаулығын сақтаудың негізгі шаралары болып табылады.