
Рәсімге тек алдын ала дайындалған адамдарға ғана қатысу ұсынылады. Мұздай суға шомылу: жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратындарға, ЖРВИ және басқа да жұқпалы аурулардың белгілері бар, сондай-ақ мұрын-жұтқыншақтың қабыну үдерістері байқалатын тұлғаларға; демікпе, аллергиялық аурулары, инфаркт, жүрек патологиясы бар, бүйрек, несеп-жыныс жүйесі және жүйке жүйесі ауруларымен ауыратындарға; жүкті әйелдерге, егде жастағы адамдарға және қан қысымы жоғары (гипертония) азаматтарға рұқсат етілмейді.
Жазатайым жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында шомылу тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана жүргізілуі тиіс.
Сонымен қатар қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет:
- алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түсуге тыйым салынады;
- суға түсер алдында денені жеңіл жаттығулар арқылы қыздыру қажет;
- ойыққа таймайтын, ыңғайлы аяқ киіммен абайлап жақындау керек;
- қатты аяз кезінде сүлгімен металл немесе ағаш баспалдақтың тұтқасын жауып қою ұсынылады;
- суға мойынға дейін ғана түсу қажет, басты батыруға, секіруге және сүңгуге болмайды, себебі бұл температуралық шокқа әкелуі мүмкін;
- суда бір минуттан артық болмау керек;
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау және олардың шомылуына жол бермеу қажет;
- ойықтан шыққанда сақтық танытып, бір-біріне көмектесу керек; шомылғаннан кейін міндетті түрде құрғақ әрі жылы киім кию қажет;
- тоңып қалудың алдын алу үшін ыстық шай ішу ұсынылады.