
Өткен аптада өңірде ЖРВИ-дің 1576 жағдайы тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 189,7 құрады. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың деңгейі 1,9 есеге төмендеді (өткен аптада – 3116 жағдай, көрсеткіш — 100 мың тұрғынға 374,9).
Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 52,8 %, яғни 832 жағдайды құрайды.
ЖРВИ-мен 62 адам, пневмониямен 18 адам ауруханаға жатқызылды.
Бұдан бөлек, эпидмаусымның басынан бері өңірде тұмаудың 207 жағдайы тіркелді, ал 2026 жылы — 0.
Бүгінгі таңда облыста 83 357 тұрғын тұмауға қарсы екпе алды.