Қан айналым жүйесінің аурулары

Қан айналым жүйесінің аурулары

Қан айналымы жүйесінің аурулары (ҚЖА) бүкіл әлемде өлім мен мүгедектіктің себептері арасында жетекші орын алады. ДДҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын 18 миллионға жуық адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұмады. Қазақстанда да, басқа көптеген елдердегідей, ҚЖА өлім жағдайларының 50%-дан астамын құрайды. Бұл аурулар алдын алу, диагностика және емдеуді кешенді түрде қарауды талап ететін маңызды медициналық әрі әлеуметтік мәселе болып саналады.

Аурулардың пайда болуына түрлі себептер әсер етуі мүмкін:

1. Дұрыс тамақтанбау – майлы, тұзды, тәтті тағамдарды көп жеу.

2. Қозғалыстың аздығы – адам аз қозғалғанда жүрек әлсірейді.

3. Темекі мен алкоголь – жүрек пен тамырларға зиян.

4. Стресс – жүйке кереуі де әсер етеді.

5. Тұқымқуалаушылық – отбасыларда (ата-әжелерінде, ата-анасында) болған жағдайда қауіп жоғары.

Негізгі ауру түрлері

1. Гипертония – қан қысымының жоғары болуы. Адам көп жағдайда оны сезбейді, бірақ бұл инсульт не инфаркт қаупін арттырады.

2. Атеросклероз – тамырлар тарылып, қан жүру қиындайды. Бұл майлы заттардың жиналуынан басталады.

3. Жүректің ишемиялық ауруы – жүрекке қан жеткіліксіз болғанда пайда болады. Көбіне кеуде ауырып, демігу тпайда болады.

4. Инфаркт – жүректің бір бөлігіне қан бармай, ол өліп қалады. Бұл шұғыл көмек қажет ететін жағдай.

5. Инсульт – мидың қан айналымының бұзылуы. Ол қан тамырының бітелуінен немесе жарылуынан болады.

6. Жүрек жетіспеушілігі – жүрек қанды жеткілікті айдай алмайды. Адам тез шаршайды, тынысы тарылады, аяқ-қолы ісінеді.

Белгілері:

- Бас ауруы;

- Кеудедегі ауырлық немесе ауырсыну;

- Жиі шаршау;

- Демікпе;

- Аяқ-қолдың ісінуі

- Жүрек соғысының бұзылуы.

Алдын алу жолдары

Жүрек пен тамырды сақтау үшін:

- Салауатты өмір салтын ұстану – теңгерімді тамақтану, орташа физикалық белсенділік, зиянды әдеттерден бас тарту.

- Қан қысымын, қант пен холестерин деңгейін бақылау.

- Алдын алу тексерістері – дәрігерге үнемі қаралу ауруды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі.

- Стрессті азайту – демалу, таза ауада серуендеу, сүйікті іспен айналысу.

- Ұйқы және демалыс режимін сақтау.

Қан айналымы жүйесі аурулары бүкіл әлемде өлімнің негізгі себебі болып қала береді. Алайда, дұрыс өмір салтын ұстанып, денсаулыққа көңіл бөлу арқылы бұл аурулардың даму қаупін төмендетуге және ұзақ әрі сапалы өмір сүруге болады.