
2025 жылғы 24 қарашада санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, денсаулық сақтау басқармасының және Ұлттық сараптама орталығының мамандары микробқа қарсы төзімділік туралы Дүниежүзілік ақпараттандыру апталығы шеңберінде ауруханалық эпидемиологтармен және инфекциялық бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін мамандармен микробқа қарсы төзімділіктің алдын алу және бақылау мәселелері бойынша облыстық семинар өткізді.
Семинар барысында микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдаланудың заманауи тәсілдері, инфекциялық бақылау принциптері және микроорганизмдердің тұрақтылығының өсуін тежеу жөніндегі негізгі шаралар қарастырылды.
Семинар сындарлы түрде өтті және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуда және микробқа қарсы тұрақтылыққа қарсы күресте іс-шаралардың тиімділігін арттыруда маңызды қадам болды.