
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру электрондық түрде жүзеге асырылады. Электрондық қызметтер қызмет көрсету процесінде байланыстарды барынша азайтуға, міндеттемелерді орындауды жеңілдетуге, оларды алу уақыты мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, электрондық қызметті тәуліктің кез келген уақытында үйден немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде алуға болады, әкімшілік кедергілерді жоюға, мемлекеттік қызметшілермен байланысты болдырмауға, яғни сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
2025 жылдың 9 айында Департамент және оның аумақтық бөлімшелері «Е-лицензиялау» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетті-1021, «Е-лицензиялау» порталы арқылы рұқсат құжаттарын берді-703, «Е-лицензиялау» порталы арқылы бас тартылды – 247, тоқтатылды-7, қайта ресімдеу - 9 , түзету-55 ;
- СЭҚ жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы берілді - 388, бас тартылды - 158, тоқтатылды - 7, қайта ресімдеу - 5, түзету - 45;
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмірлер берілді - 7, бас тартылды - 0;
- СЭҚ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы - 266, бас тартылды - 39, қайта ресімдеу - 1, түзету - 10;
- Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттар және оған қосымшалар берілді - 2, бас тартылды -14, қайта ресімдеу - 3;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификаттары берілді - 39 , бас тартылды - 36;
- Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсетуге лицензия берілді - 1, бас тартылды - 0.
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер объектілер мен жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қағидалардың 10,20-тармақтарына сәйкес- көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға объектілер мен жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға құқылы.
Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектілерге, жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату үшін негіздер (Қағидалардың 38-тармағы):
1) объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру;
2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;
3) заңды тұлғаның қызметін тоқтату, тарату;
4) көрсетілетін қызметті алушының объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату туралы ерікті өтініші;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының жүзеге асыруға объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндігі болмайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда объектіге тексеру жүргізбей жүзеге асырылады (Қағидалардың 33-тармағы):
1) құжаттағы қателерді (қателерді) анықтау;
2) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 45-бабында көзделген заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру;
3) объектінің орналасқан жерінің мекенжайын физикалық қозғалыссыз өзгерту;
4) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауын өзгерту;
5) объектінің нысаналы мақсатын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, технологиялық процесті, объектінің қуатын және құрылымдық өзгерістерін өзгертпестен басқа тұлға жұмыс істеп тұрған объектіге меншік құқығын алған кезде.
2025 жылдың 9 айында облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде 247 дәлелді жауап берілді:
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру жөніндегі құжаттардың толық топтамасын ұсыну; маман сертификатын беру жөніндегі жобалар бойынша, патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттар беруге және оған қосымшалар беру;
- объектінің санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келмеуі;
- объект эпидемиологиялық маңызы шамалы объектілерге жатады, СЭҚ талап етілмейді;
- объектілер, жобалар бойынша ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің сәйкес келмеуі; маман сертификатын беру, патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру және оған қосымша;
- НҚА талаптарына сәйкес келмейтін жобалар;
- жобалар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қарау құзыретіне кірмейді;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тұрақты негізде түсіндіру іс-шараларын жүргізеді:
- семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер өткізілді -153;
- ТД, радиода сөз сөйлеу - 60;
- БАҚ-та мақалалар жарияланды - 2;
- «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде материалдар орналастырылды - 297.
Бұрынғыдай азаматтар мен заңды тұлғалар Департаменттің тиісті бөлімдерінің жұмыс телефондары бойынша, Департамент кеңсесінің 54-66-86 телефоны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңес ала алады. Сондай –ақ, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Департаменттің интернет-ресурсында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қолданыстағы НҚА орналастырылған.
А. Искакова - департаменттің бөлім басшысы