Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "Атамекен" ҚР ҰКП Қостанай облысының өңірлік кәсіпкерлер Палатасының қатысуымен, Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, жеке кәсіпкерлік субьектілеріне арналған қоғамдық тамақтану қызметтері саласында офлайн-режимде қоғамдық тамақтану обьектілерінде тамақтан уланудың және ішек инфекциясының алдын алу саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында эпидемиялық маңызы бар объектілердің қызметіне рұқсат беру рәсімдері, қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптарды сақтау, бақылаудағы объектілермен байланысты тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу мәселелері қаралды.
Департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Н.И. Гаценбеллер өз сөзінде қоғамдық қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын негізгі санитарлық талаптарға, атап айтқанда: тамақ өнімдерін өндіру, сақтау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық талаптарды сақтауға, персоналдың өндірістік және жеке гигиена ережелерін сақтауға, тамақтану объектілерінде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүргізуге назар аударды.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсету, қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету және халық арасында топтық тамақтан улануды болдырмау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.