Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің және департаменттің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің мамандары Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Алиментариус кодексі тобы.
Спикерлер ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылары, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, фитосанитариялық бақылау комитеттерінің мамандары және басқа да ұйымдар сөз алды. Сондай-ақ, Zoom режимінде Ұлттық сараптама орталықтары мен облыстардың департаменттері қосылды.
Семинар барысында тұтынушылардың денсаулығын және адал сауда практикасын қорғау мақсатында Азық-түлік жүйесінің барлық қатысушылары арасында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығы; ҚР-да тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді, оның ішінде IT технологияларды енгізу қажеттілігі; қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ғылымның, білімнің, тәуекелдерді бағалаудың рөлін күшейту қажеттілігі және тамақ өнімдерінің сапасы; тұтынушылардың қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдеріне құқықтары туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығы талқыланды.
Абдуллина Ш.А. - департаменттің бас маманы