Аурулардың таралуын болдырмау үшін Құрбан айтты мерекелеу және құрбан шалу рәсімін өткізу кезінде азық-түлік қауіпсіздігі мен гигиена іс-шараларын сақтауға кеңес береміз.
Малды сою және сату жергілікті атқарушы органдар айқындаған және ветеринариялық және санитариялық талаптарға сәйкес келетін арнайы бөлінген орындарда (сою пункттері, уақытша сою алаңдары) жүргізілуге тиіс:
- мал сою орны таза, сумен жабдықталған және кәріз жүйелері болуы тиіс;
- жануарлар ауру немесе жарақатты болмауы керек және ветеринариялық құжаттары (ветеринариялық паспорт, жануардың тіркеу нөмірі)болуы керек;
- сою алаңы мен союға арналған құралдар әр қолданар алдында және одан кейін міндетті түрде дезинфекциялануы тиіс;
- ет пен қалдықтарды сақтауға арналған орындар бөлек және таза болуы керек. Қан мен ішекті қоса алғанда, союдан шыққан қалдықтар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес дереу жойылуы тиіс;
- союға қатысатын қызметкерлерде медициналық тексеруден өткен және жұмысқа рұқсаты бар медициналық кітапшалар болуы тиіс; қорғаныш киімдері мен аяқ киімдерін (алжапқыштар, қолғаптар, етіктер) қоса алғанда, таза киімде болуы және жеке гигиена ережелерін (қолды сабынмен жуу)сақтауы тиіс;
- ластану мен бүлінудің алдын алу үшін ет өңделіп, таза бетке кесіліп, суық жағдайда сақталуы керек.
Халық арасында тамақтан улану және жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында қарапайым гигиеналық ережелерді сақтауды ұсынамыз:
- қоғамдық тамақтану объектілерінде және салттық іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсететін объектіде іс-шараларды өткізу кезінде үйде дайындалған тағамдарды пайдаланбау;
- белгіленбеген жерде азық-түлік сатып алмаңыз, мұндай өнімдер бақылаусыз қалады және олар қауіпсіз емес;
- ас үйді таза ұстау, шикі және дайын өнімдер үшін бөлек кесу құралдарын пайдалану, тамақ дайындау кезінде және тамақ ішер алдында қолды жуу;
- ет және басқа да тез бұзылатын тағамдарды суық жағдайда сақтаңыз, етті, балықты қайта мұздатуға/ерітуге жол бермеңіз;
- өнімдерді дайындаудың жылу режимін сақтау. Шикі етте тамақтан уланудың қоздырғыштары болуы мүмкін. Етті мұқият қайнатып, 2-2,5 сағат бойы қуыру керек;
- өнімдерді шыбындардан және басқа жәндіктерден-қоздырғыштардан,ауру тудыратын микроорганизмдерден қорғаңыз.
Осы ұсыныстарды орындау Құрбан айт мерекесі кезінде тамақтан улану қаупін азайтуға көмектеседі және оны барлық қатысушылар үшін қауіпсіз етеді.
Азық-түлік қауіпсіздігі мен гигиена шараларын сақтай отырып, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.