Департаментте инфекциялық, паразиттік, ауруханаішілік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау мәселелеріне арналған облыстық семинар (онлайн) өткізілді.
Іс-шара Қостанай облысының түкпір-түкпірінен келген мамандарды-инфекционистерді, терапевттерді, жалпы практика дәрігерлерін, госпитальдық эпидемиологтарды біріктірді. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, жұмыстағы басым бағыттарды белгіледі.
Менингококк инфекциясын, кене энцефалитін, бруцеллезді, туберкулезді және ауруханаішілік инфекцияларды бақылауға ерекше назар аударылды. Алдын алу тиімділігін арттырудың практикалық ұсыныстары мен жолдары ұсынылды.
Баяндамалар аяқталғаннан кейін ұсынылған материалды талқылау өтті, оның барысында қатысушылар пікір және практикалық тәжірибе алмасты.
Мұндай іс-шараларды өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, медицина қызметкерлерінің, аумақтық басқармалардың мамандарының кәсіби даярлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ туындайтын инфекциялық қауіпсіздік қатерлеріне неғұрлым тиімді ден қоюға ықпал етеді.