Семинар өткізді

Семинар өткізді

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің мамандары департаменттің аумақтық бөлімшелерінің мамандарына семинар өткізді.

Семинар барысында «Документолог» БҚА ақпараттық жүйесінде іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар және орындаушылық тәртіпті сақтау мәселелері қаралды. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалана отырып, құжаттандыру, құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау бойынша нақты түсіндірмелер мен слайдтардың көрсетілімі берілді.