Балқаш қалалық СЭББ маманы балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру науқанын ұйымдастыру және өткізу шеңберінде "Шуақты жаз 2025"облыстық семинарына қатысты

Балқаш қалалық СЭББ маманы балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру науқанын ұйымдастыру және өткізу шеңберінде "Шуақты жаз 2025"облыстық семинарына қатысты

"Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру науқанын ұйымдастыруға және өткізуге дайындық шеңберінде "Шуақты жаз 2025" облыстық семинары өткізілді.

Іс-шарада Балқаш қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Мадина Мусина санаторлық және сауықтыру объектілілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері бойынша сөз сөйледі.
Семинарға Қарағанды облысының әртүрлі өңірлеріндегі білім беру нысандарының педагогтары қатысты.