Оқу жылы аяқталуға жақын, Сіз және балаларыңыз демалыстың келуін асыға күтудесіздер және алдағы демалыс туралы жоспар құрып жүрген шығарсыздар.
Егер де Сіз балаңызды жазғы қала сыртындағы лагерьге жіберу туралы шешім қабылдаған болсаңыз, онда осы балалар сауықтыру ұйымының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы (бұдан әрі – Қорытынды) бар екеніне көз жеткізуді ұсынамыз.
Сіздің назарыңызға: Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес маусымдық балалар сауықтыру ұйымдарында балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жазғы сауықтыру маусымы басталғанға дейін жыл сайын қорытынды алуы тиіс.
Қарағанды облысында ағымдағы жылы 11 маусымдық қала сыртындағы балалар лагерінің жұмыс істеуі жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 14 мамырындағы жағдай бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жазғы лагерьлерге қорытынды алуға өтініш түскен жоқ.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өзінің интернет-ресурсында "БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ" айдары бар екенін ескертеді, онда 2025 жылы Қорытынды алған қала сыртындағы балалар лагерлерінің тізбесі орналастырылатын болады.