Саран қалалық СЭББ мамандары оқу-жаттығу өткізді

Саран қалалық СЭББ мамандары оқу-жаттығу өткізді

Саран қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Саран қаласының ауруханасы» ШЖҚ КМК медициналық қызметкерлерімен бірлесіп
аса қауіпті инфекция - сібір жарасы бар науқасты анықтаған кезде медициналық көмек көрсету және алдын алу іс-шараларын жүргізу бойынша оқу-жаттығу сабағын өткізді.

Тренингтің мақсаты - халық арасында сібір жарасы ауруына күдік туындаған жағдайда ұйымдастырушылық, профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, емдеу-профилактикалық ұйымдардың және басқа да мүдделі қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау.