БҮГІН, 6 мамырда Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаев және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дмитрий Арнтпен бірлесіп Департамент және аумақтық басқарма мамандарының қатысуымен ZOOM арқылы Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша кеңес өткізді.
"Мамыр мерекелері қарсаңында мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қоятынын, ал қолданыстағы заңнаманың барлық талаптарын сақтау олардың қызметтік борышы болып табылатынын ескеру ерекше маңызды" - деп атап өтті Берік Жолдыбаев. Әдеп кодексінің ережелерін сақтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады және мемлекеттік қызметте болудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.
Сонымен қатар, Департаменттің бөлім басшысы Дмитрий Арнт мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс мінез-құлқы да қоғам, азаматтар тарапынан ерекше назар аударылатындығын атап өтті.
Егер Сіз сыбайлас жемқорлықтың дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық туралы білсеңіз, бұл туралы Департаменттің "сенім телефоны": 8 (7212) 41 14 28 немесе Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2 мекенжайы бойынша хабарлауыңыз қажет екенін еске саламыз.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы 1424 телефоны арқылы жұмыс істейді.
Есіңізде болсын, сыбайлас жемқорлықтың әрбір жағдайы - біздің елімізге, оның экономикасына және қоғамына келтірілген соққы!
Бұған жол бермеңіз, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаңыз!