Іс-шараға Департамент басшысы - алқа төрағасы Юрий Залыгин, Департамент басшысының орынбасарлары, "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Азамат Түсіпбеков, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аумақтық басқармалардың орынбасарлары мен бөлім басшылары, мамандар қатысты.
Алқа отырысы шеңберінде эпидемиологиялық жағдай туралы, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында санитариялық-гигиеналық бағыттағы бақылау бөлімдері өткізген іс-шаралар туралы баяндамалары тыңдалды, проблемалық мәселелер мен шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ қаралған өтініштер бойынша және өткен кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы баяндама тыңдалды.
"Әкімшілік практика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысы", аумақтық басқармаларды кадрлармен қамтамасыз ету туралы, Департамент және СЭББ қызметін БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеу бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәселелер жеке тыңдалды.
Сондай-ақ, қалалық және аудандық басқармалардың инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті ауруларға қарсы жүргізілген эпидемияға қарсы іс-шаралар, тұрғындарды профилактикалық егулермен, оның ішінде нысаналы жастағы балалардың профилактикалық егулерімен қамту бойынша жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар тексеру жоспарын орындау, жоспардан тыс тексерулер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы бойынша көрсетілген іс-шаралар, мемлекеттік қызмет көрсету, санитариялық-ағарту жұмыстары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы қызметке талдау жасалды.
Алқа жұмысын қорытындылай келе, Департамент басшысы қызметтің басым міндеттерін айқындады, басқарма басшыларына қойылған міндеттерді орындауға бағытталған аумақтық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша тапсырмалар берілді, қадағалау тиімділігін арттыру, инфекциялық сырқаттанушылықты азайту үшін профилактикалық жұмыс жүргізу, объектілердің санитарлық жағдайын, халық тұтынатын өнім мен судың сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың қажетті көлемін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.