СЕМИНАР-КЕҢЕС: Қала сыртындағы маусымдық балалар сауықтыру ұйымдарын ашуға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

СЕМИНАР-КЕҢЕС: Қала сыртындағы маусымдық балалар сауықтыру ұйымдарын ашуға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Жол картасына сәйкес 2025 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысын ұйымдастыру және өткізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде басшы Юрий Залыгиннің төрағалығымен ZOOM режимінде "Қала сыртындағы маусымдық балаларды сауықтыру демалыс ұйымдарын ашуға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" тақырыбында семинар-кеңес өтті.

 Семинар-кеңес жұмысына Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы, облыстық білім басқармасының өкілдері, балалар мен жасөспірімдер демалысын жеткізуші мекемелер, аумақтық білім беру бөлімдері және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары қатысты.

 Юрий Залыгин қала сыртындағы маусымдық балалар сауықтыру ұйымдарын (БСҰ) ашу санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда ғана мүмкін болатынын және маусымдық әрекетті балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жазғы сауықтыру маусымы басталғанға дейін жыл сайын объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) алуға тиіс екенін атап өтті.

 Департаменттің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Майра Белгібаева семинар-кеңеске қатысушыларға қала сыртындағы маусымдық БСҰ-да балалар мен жасөспірімдерді күтіп-бағуға, тұру жағдайларына, тамақтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, БСҰ-на СЭҚ беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, өндірістік бақылау жүргізуге қойылатын талаптар түсіндірілді, 2023 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексеру барысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен анықталған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді бұзушылықтар қарастырылды.