БҮГІН, 25 сәуірде Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ZOOM режимінде 2025 жылдың 27 сәуірі мен 3 мамыры аралығында «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығын ұйымдастыру және өткізу бойынша семинар ұйымдастырды.
Семинарға облыстың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары мен амбулаториялық-емханалық қызметтің медицина қызметкерлері (85 нүктеден байланыс) қатысты.
Семинарда жұқпалы және паразиттік аурулармен күрес эпидемиологиялық бөлімнің Венера Галимова Қазақстан Республикасындағы, облыстағы вакцинамен басқарылатын инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайы, профилактикалық егулермен, оның ішінде толықтыра иммундаумен қамту жағдайы туралы баяндады.
«Егу жұмыстарындағы медицина қызметкерлерінің коммуникативтік дағдыларының рөлі» туралы Департаменттің бас маманы Гүлім Жақсыгелді сөз сөйледі.
«Қарағанды қаласының №4 емханасы» КМК №3 отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі С.Бақтиярұлы діни наным-сенімге байланысты екпе мәселесі туралы сөз қозғады.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің бас маманы Ирина Князева иммундау аптасына вакцинаның қолжетімділігі мәселесін қамтыды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға Еуропалық иммундау апталығын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы халықтың барлық жас ерекшелік топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, иммундау маңыздылығы туралы жеке әңгімелер, дәрістер жандандыру туралы ұсыныстар берілді.