«Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты республикалық конкурсында Қарағанды облысы СЭБД бас маманы - Тоғжан Сәрсембекова төсбелгімен марапатталды

«Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты республикалық конкурсында Қарағанды облысы СЭБД бас маманы - Тоғжан Сәрсембекова төсбелгімен марапатталды

Қазақстан Республикасында Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  жетекшілігімен  ҚР Денсаулық сақтау жүйесі мекемелерінің арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты республикалық конкурс жариялап, ұйымдастырылды.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы 18 сәуірде Алматы қаласында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтті, аталмыш іс-шарада Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Тоғжан Сарсембекова «Үздік тіл маманы» аталымы бойынша төсбелгісімен марапатталды.

Департамент ұжымы әріптесімізге зор денсаулық пен қызметте биік марапаттарға ие болуын, кәсіби табыстарға жете беруіңізді тілейді!