
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Юрий Залыгиннің төрағалығымен "Саламатты мектеп" жобасын іске асыру шеңберінде ДДҰ бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының Білім және Денсаулық сақтау басқармаларының үйлестірушілерімен бірлесіп кеңес өткізді, шара барысында ведомствоаралық, оның ішінде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі туралы мәселелер айтылды.
Қала мен ауданның спорттық жарыстарына оқушылардың белсенді қатысуы үшін дене шынықтыру-сауықтыру нысандарымен (БЖСМ, жүзу бассейні) бірлескен жұмыс қажет - деп атап өтті спикер.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау және Білім басқармаларының үйлестірушілері мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларға, дұрыс тамақтану жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ іс-шаралардың нәтижелері мен оқушыларды профилактикалық қарап-тексеруді талдауды талқылады. Сонымен қатар, спикерлер оқушылардың салауатты өмір салты бойынша қажетті білімдерін, дағдыларын қалыптастыру және алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану маңызы туралы баса атап өтті.