Тиісті санитариялық ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша басқарма өкілдерінің, аумақтық білім бөлімдері мен мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өтті

Тиісті санитариялық ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша басқарма өкілдерінің, аумақтық білім бөлімдері мен мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өтті

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Облыстық білім басқармасымен бірлесіп Басқарма өкілдерінің, аумақтық білім беру басқармалары және мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңестің қатысушыларына Департаменттің білім және тәрбие объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Майра Белгібаева мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіріп, тиісті Санитариялық ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.

Департаменттің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Венера Галимова вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы, мектепке дейінгі ұйымдарда (МДҰ) эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру туралы сұрақтар талқыланды.

Сондай-ақ семинар-кеңесте Департамент пен облыстық білім басқармасының бірлескен бұйрығына сәйкес МДҰ жұқпалы және паразиттік аурулардың енуі мен таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру екі айлық мониторингінің нәтижелері қаралды, жиналғандардың назары мектепалды даярлық топтарындағы ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін сақтау мәселесіне аударылды, жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды МДҰ-на қабылдау бойынша ұсыныстар берілді.