
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ZOOM режимінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар-кеңес барысында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қолданыстағы "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", "Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары талқыланды, 2025 жылғы ақпан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуі және таралуының алдын алу жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысына жүргізілген мониторинг нәтижелері қарастырылды, сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауаптар да берілді.